Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағандыда мобильді бригадаларды шақырту үш есеге артты

26 Января 2022 03:34

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – СOVID-19 вирусының күрт өршуіне байланысты Қарағанды емханаларына жүктеме артты. Жіті респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) белгілері бар және коронавирусқа күдікті пациенттерге тек сүзгілерде ғана емес, сондай-ақ үйлеріне барып та қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласының №1 көпсалалы аурухананың мобильді бригадалары күніне 350–400 шақыруға шығады.

Жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін деп белгіленгеніне қарамастан бригадалар пациенттерге түн ортасына дейін барады.

«Соңғы апталарда қоңыраулар санының күрт өсуі байқалады. Шамамен үш есеге артты. Таңертеңнен кешке дейін сall-орталықтың диспетчерлері шақыртуларды қабылдайды. Олар қоңырауларды сұрыптайды. Егер пациенттер ЖРВИ, қызба, мұрынның бітелуі, жөтел, сұйық нәжіс белгілеріне шағымданса, бұл шақырулар мобильді бригадаларға жіберіледі. Бізде олардың саны 13. Егер шұғыл көмек қажет ететін қоңыраулар түссе, олар жедел жәрдем қызметіне жіберіледі. Мобильді бригадалар жеделдіктің төртінші санатындағы шақыруларға қызмет көрсетеді», – деді №1 көпсалалы аурухана жанындағы емхананың аға тіркеушісі Татьяна Бойко.










Емхана Майқұдық шағын ауданының 52 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. ЖРВИ және СOVID-19 белгілері бар пациенттер ағынының ұлғаюына қарамастан, жоспарлы көмек штаттық режимде көрсетіледі.

«Мобильді бригадалар алғашқы сапарында пациенттерді тексереді, ПТР-тесттер алады, емдеу бойынша ұсыныстар, жадынамалар береді.

Егер науқаста коронавирус расталса, оны ауруханаға жатқызу, компьютерлік томографиядан өту туралы мәселе шешіледі. Ауру жеңіл өтсе, науқас үйде өзін-өзі оқшаулау туралы қолхат жазады. Оның сынақтары үйде өткізіледі.

Ауру деңгейі орташа пациенттерге қажет болған жағдайда пульсоксиметрлер, ыстықты түсіретін және бактерияға қарсы препараттар беріледі. Күн сайын онымен телефон арқылы байланыста боламыз. Ауруханаға жатқызуға сатурациясы төмен, дене қызуы бес күннен аса түспей тұрған, ентігу, құсу немесе сұйық нәжіс, пароксизмальды жөтелі бар пациенттер жатқызылады», – дейді емхананың үшінші отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Балжан Мұса.


















Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Медицина, Аймақ, Қарағанды облысы,
Наверх