Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық оқушы Халықаралық математика олимпиадасының жүлдегері атанды

28 Июля 2021 17:43

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Рақым Баймурзин 62-ші Халықаралық математика олимпиадасының (IMO) қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі .

Биылғы жылы жас математиктердің жарысы онлайнда өтті. Олимпиадаға әлемнің 107 елінен 600-ден астам оқушы қатысты. Қарағандылық Рақым Баймурзин алты адамнан тұратын қазақстандық командаға енді. Құрама алты медальға ие болды: бір алтын, үш күміс және екі қола.

«Тапсырмалар қиын болды. Нәтижесі қанағаттандырды. IMO-да 2022 жылы өнер көрсетіп, өз деңгейімді көрсете аламын деп үміттенемін», – дейді Рақым Баймурзин.

Жас математиктің көптеген жетістіктері бар. Ол XVII Халықаралық Жәутіков және Халықаралық Азия-Тынық мұхит математика олимпиадаларының күміс жүлдегері, «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасының қола жүлдегері. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік олимпиадасында және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада екінші орын алған.


Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Қарағанды облысы, Білім,
Наверх