Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық оқушылар Халықаралық ғылыми байқаудың жеңімпазы болды

11 Мая 2021 22:31

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Әнуар Дүйсенбеков пен Фархат Нұрланов Кореяда өткен «Жас Ғалым» VII Халықаралық ғылыми байқауында бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар қазылар алқасына «Соққы сипаттамаларын анықтау үшін композиттік балауыз және графит сенсорымен баскетбол добын сынау» ғылыми жобасын ұсынды. Жоба ағылшын тілінде қорғалды.

Әнуар мен Фархаттың ғылыми жетекшілері – физика пәнінің оқытушылары Саягүл Нұржігітова мен Стоян Рендевски.

«Баскетбол добының сапасы еркін құлаған доптың секіру биіктігі мен еденге соғылған кезде допқа әсер ететін күш тұрғысынан талқыланды. Графиттің шекті концентрациясы 15% болатын графит балауызы, тіпті кішкентай зерттелген күштермен де, соққыны өлшеуге арналған сезімтал сенсор екендігі дәлелденді», – деп мектеп оқушылары өз зерттеу бағытын түсіндіреді.





«Жас ғалым» Халықаралық ғылыми байқауы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде оған Қазақстаннан 400-ден астам оқушы қатысты. Ұйымдастырушылар - WOOSONG Университеті және SolBridge Халықаралық бизнес мектебі (Корея, Тэджон қаласы).

Байқау екінші жыл қатарынан қашықтық форматта өтуде. Зияткерлік жарыстарға қатысушылардың зерттеу жұмыстарын АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Ресей және басқа да елдердің университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы бағалайды.


Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Аймақ, Қарағанды облысы, Білім, Ғылым,
Наверх