Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақ-орыс шекарасында ПТР анықтамасы жоқ 1300 шетел азаматы елге кіргізілмеді

7 Мая 2021 21:01

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында мемлекеттік шекараның 4 автомобиль өткізу пунктінде адамдардың қозғалысына мониторинг жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия мәлімет таратты.

«Шектеулер енгізілген сәттен бастап облысқа 100 668 адам келді (орта есеппен тәулігіне 250-550 адам). ПТР тексерістен өту үшін 2 988 ҚР азаматы карантин стационарына орналастырылды» делінген хабарламада.

Анықтамасыз келген 1 307 шетел азаматына шекарадан өтуге жол берілген жоқ.

Соңғы тәулікте шекара арқылы 480 азамат өтіп, 14 адам карантин стационарына жатқызылды.

Автоөтпе жолдарында вирус жұқтыру жағдайлары анықталған жоқ.

Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 16 азаматтың елге кіруіне тыйым салынды.


Ключевые слова: Павлодар облысы, Оқиға, Ресей, Шекаралас мемлекеттер,
Наверх