Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан арқылы контейнермен жүк тасымалдау қанша тұрады

30 Июля 2021 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде контейнермен жүк тасымалдау транзитінің құны қанша? Бұл сұраққа «KTZ Express» АҚ контейнерлік тасымалдау қызметі департаментінің директоры Ержан Байғожин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Контейнермен жүк тасымалдаудың ауқымды көлемі Еуропа елдерінен келеді. Осыдан 5 жыл бұрын Еуропадан аз көлемде жүк тасымалданса, қазір елімізге жеткізілетін жүк көлемі айтарлықтай артты, әсіресе дайын өнімдер. Негізінен алғанда біздің ел арқылы Қытайға автомобиль жеткізіледі», - деді Ержан Байғожин.

Сондай-ақ, департамент басшысы Қазақстан арқылы Еуропадан Қытайға жүк тасымалының қанша тұратынын айтты.

«Қазір пандемияға байланысты баға өсті. Бұрын бір жүк контейнерінің құны орташа 6-7 мың АҚШ долларын құраса, қазір баға 9 мың АҚШ долларына дейін көтерілді. Оның үстіне теңіз тасымалы да пандемияға байланысты бағаны өсірді», - дейді ол.

Сондай-ақ, Е. Байғожин пандемияның еліміздің жүк тасымалы саласына тигізген әсері туралы айтып берді.

Одан бөлек, спикер Қазақстанда контейнермен жүк тасымалдау көлемінің артқанын алға тартты.


Автор Әли Ибраев
Ключевые слова: Көлік, Логистика, Экономика,
Наверх