Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма

22 Апреля 2021 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасына күмән келтіруге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл тұрғыда алаңдауға негіз жоқ. Біріншіден, вакцинаның негізгі компоненті – ол Ресейде өндірілген «Спутник V». Ал Қарағанды фармацевтикалық кешенде атқарылатын кезеңдерге тоқталсақ, флакондарға құю, бөлшектеп өлшеу мен басқа да жұмыстар қамтылған. Яғни, осының барлығы вакцинаның сапасына әсер етпейді. Бұл зауыт аккредиттелген және тиісті өндірістік тәжірибе талаптарына сәйкес келеді», - деді Ж. Сатыбалдиева вакцина тақырыбына арналған онлайн талқылау барысында.

Осы орайда ол аталған зауыт заманауи технологиялармен жұмыс істейтінін атап өтті.

«Бұл тұрғыда алаңдап керек емес. Себебі ол биологиялық сипаттағы дәрілік препараттармен жұмыс істеу үшін арналған. Бұл өз кезегінде коронавирусқа қарсы вакцина шығаруға лайықты кешен. Зауыт жоғары сапалы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондықтан сапа бойынша ешқандай айырмашылық жоқ. Осы орайда технологиялар трансфері ескерілген және мұндай ынтымақтастыққа қолдау білдірген жөн», - деді ғалым.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда вакциналарды тексеруге ерекше мән берілетінін айтты.

Сонымен қатар ол «Спутник V» вакцинасының тиімділігіне қатысты түсінік берді.

Автор Руслан Ғаббасов
Ключевые слова: Коронавирус, Вакцина,
Наверх