Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда мобильді бригадалар қалай жұмыс істеп жатыр

21 Января 2022 00:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жіті респираторлық ауру белгілері бар, коронавирус инфекциясына күдікті немесе науқас пациенттерге үйде уақтылы медициналық көмек көрсету үшін емханалар деңгейінде мобильді бригадалар ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда 3054 мобильді бригада жұмыс істейді, резервте тағы 1622 бригада бар, деп хабарлайы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Мобильді бригаданың құрамына учаскелік дәрігер (терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері) және/немесе учаскелік мейірбике, фельдшер, акушер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер, жүргізуші кіреді.

Мобильді бригаданың құрамы пациентке үйде қызмет көрсету кезінде орындалатын функцияға байланысты, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, COVID-19 бар науқастардың құрылымына сүйене отырып қалыптастырылады.

Қажет болған жағдайда МБ құрамына бейінді мамандар тартылуы мүмкін.

Үйге шығумен шақыруларға қызмет көрсету кезіндегі МБ негізгі функциялары:

- COVID-19 бар пациенттерге және үйде оқшауланған бірге тұратын отбасы мүшелеріне кеңес беру және тексеру;

- COVID-19 коронавирус инфекциясы бар және аурудың орташа ауыр, ауыр түріне шалдыққан және пациентті қарап-тексеру, емдеуді тағайындау және оның жай-күйін бақылау арқылы стационардан амбулаториялық емдеу кезеңіне шығарылған пациенттерге бару;

- полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен СOVID-19-ға күдікті пациенттерден биологиялық материалдар үлгілерін алуды жүргізу;

- дәрілік заттарды «COVID-19 Коронавирустық инфекциясы» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес тағайындау;

- қажет болған жағдайда тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес вирустық пневмония және COVID-19 бар пациенттерге дәрілік заттарды жеткізу;

- дәрігердің тағайындауы бойынша COVID-19 бар пациенттерге емшаралар мен манипуляциялар жүргізу;

- қажет болған жағдайда COVID-19- бар пациенттерді КТ және рентген диагностикасына медициналық көрсеткіштер бойынша жеткізу және кері қайтару, сондай-ақ, жедел медициналық көмек жеткізуді жүзеге асыру;

- медициналық көрсеткіштер бойынша COVID-19 бар пациенттерді инфекциялық және провизорлық стационарларға емдеуге жатқызу, пациенттің жағдайына қарай, өзге жағдайларда емдеуге жатқызуды жедел медициналық жәрдем бригадасы жүзеге асырады;

- ауруханадан тыс пневмония және COVID-19 бар пациенттерге үйде стационар жүргізу;

- қолхат бере отырып, үйде оқшаулауды сақтау шарттары туралы хабарлама; пациентті науқасты немесе күтімді жүзеге асыратын адамды өзін-өзі бақылау чек-парағын толтыруды үйрету туралы COVID-19 бар пациенттерді хабардар ету

МБ тіркелген халық санына байланысты 5000 және одан да көп халыққа 1 бригада есебінен, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бақылауға жататын шығулар мен пациенттер санына ұйымдастырылады.

Ауыл деңгейінде дәрігерлік амбулаторияның және алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жанынан кемінде бір МБ құрылады.

Мобильді бригадалардың жұмыс уақыты таңғы 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін. Сағат 20.00-ден кейін шақыртуларға қызмет көрсету үшін шақырту санатына қарамастан жедел медициналық көмек (103) жүзеге асырады.

Сонымен қатар, қажет болған жағдайда, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңірдің денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен күнделікті жұмыстың өзге ұзақтығы белгіленуі мүмкін.


Ключевые слова: Денсаулық, Медицина, Коронавирус,
Наверх