Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда ЖРВИ мен тұмауға қарсы қандай вакциналар бар

20 Сентября 2021 15:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ЖРВИ және тұмау маусымы басталатындығы туралы хабарлайды.

Бұл туралы санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің Telegram каналына сілтеме жасап.

ДСҰ мәліметтері бойынша, биыл вирустың үш штамы өзекті болады - A( H1N1), A (H3N2) және B. Елдегі коронавируспен байланысты жағдай әлі де болса күрделі, күзгі кезеңде ағзаны өзге де респираторлық инфекциялардан қорғау қажет. Айта кету керек, Үкімет штамдық болжамды ескере отырып, азаматтарды маусымдық вирустардан қорғау үшін алдын-ала тұмауға қарсы вакциналармен қамтамасыз етуде.

Тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйекте басталды. Мемлекет Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ +» препаратының 2,5 млн. дозасын сатып алды. Тегін вакцинация аясында халықтың ең осал топтары - медицина қызметкерлері, балалар, диспансерлік есепте тұрған пациенттер, балалар үйлерінің, интернаттардың, сәбилер үйлерінің тәрбиеленушілері және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға жататын азаматтар осы препаратпен егіледі.

«ГРИППОЛ +» препаратынан басқа Қазақстанда тұмауға қарсы келесідей вакциналар тіркеліп, қолдануға рұқсат етілген: Санофи-Пастер (Франция) өндірген «Ваксигрип Тетра», Инфлювак (Нидерланды), Синовак Биотек (Қытай) өндірген тұмауға қарсы вакцина.

Иммундау тек ақысыз негізде ғана емес, жұмыс берушілердің, сондай-ақ халықтың қаражаты есебінен де ақылы түрде жүргізілетін болады. Тұмауға қарсы ақылы вакцинация жеке медициналық орталықтарда, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның рұқсаты бар емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Тұмауға қарсы вакцинация жүргізетін медициналық мекемелердің мекен-жайларын тұрғылықты жері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және денсаулық сақтау басқармаларынан білуге болады.


Наверх