Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда 16 саяжай өртеніп кетті

8 Мая 2021 20:42

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда 16 саяжай отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 8-інде сағат 12:44-де «101» пультіне «Целинник» және «Авиатор» саяжай кооперативтерінің учаскелерінде құрғақ шөптің жанып жатқандығы туралы ақпарат түсті. Анықталғандай, өрт аумағы 5 гектарды құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 73 адам және 8 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Көкшетау техникалық иститутынан 25 курсант және 2 техника, жергілікті атқарушы органдардан 4 қызметкер және 4 техника қосымша тартылды.

«Өрттің салдарынан 16 саяжай отқа оранды. Оның 6-уы «Целинник», 10-ы «Авиатор» саяжай кооперативтеріне тиесілі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт қоқыс пен құрғақ шөпті жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан шыққан», - деді Көкшетау қалалық Төтенше жағдай басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.


Наверх