Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қор нарығында доллар бағамы арзандады

23 Июля 2021 11:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22 шілде кешімен салыстырғанда 1,04 теңгеге арзандап, 1 доллар 424,66 теңге болды.

Ұлттық банктің 23 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 425,71 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге динамикасына жақын арада әсер ететін негізгі факторлар мен оқиғалар, әлемдік экономиканың дамуы жөніндегі болжамдар туралы айтып берген болатын.


Ключевые слова: ҚР Ұлттық банкі, Экономика,
Наверх