Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус салдарынан адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды- Жандарбек Бекшин

21 Октября 2021 13:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Коронавируспен ауырған адамдар арасында есте сақтау және ойлау қабілеті нашарлағандар бар. Бұл туралы брифинг барысында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жүйке жүйесін зақымдай бастады.

«Бұған дейін коронавирус жұқтырған адамдарда диарея синдромы басым болса, бүгінгі күні нейротоксикалық синдром пайда болды. Яғни, бұл дегеніміз - есте сақтау қабілетінің бұзылуы, науқастар жиі есінен танып қалады. Нейротоксикалық синдромда бірінші кезекте ми зардап шегеді. Сондай-ақ, адам сауыққан соң постковид синдромы жалғасады. Бұл өлімге әкелуі мүмкін», - деді Жандарбек Бекшин.

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды коронавирус дертіне бейжай қарамауға шақырды.

Ол халыққа санитарлық шараларды сақтап, вакцина алу керектігін ескертті.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Коронавирус, Медицина, Алматы, Вакцина,
Наверх