Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирусқа шалдыққан 11 науқастың жағдайы ауыр

12 Мая 2022 10:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 11 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы індеттің таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 мамырдағы дерекке сүйенсек, осы күндері ел өңірлерінде коронавирустан 1 193 адам (–492+ және 701 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 68 пациент стационарда, 1 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандар арасында 11 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Сондай-ақ таратылған хабарламаға сәйкес, 10 мамыр күні Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы тіркелді, 24 адам дерттен айықты.

Жалпы, былтырғы 13 наурыздан бастап коронавирус пневмониясы 89 043 адамнан анықталды, соның ішінде жазылып шықты 82 988 науқас, қайтыс болды – 5 353 адам.


Наверх