Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президентінің Телерадиокешені Ауғанстанға қатысты деректі фильм ұсынады

25 Сентября 2021 19:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Телерадиокешені Ауғанстандағы ахуалға қатысты деректі фильм ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәлібтер тәртібі және Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылуы барлығының дерлік көңілінен шықпайды. Алайда, қандай балама бар? Бұған жауап – Қазақстан Президентінің Душанбеде ҰҚШҰ және ШЫҰ саммиттерінде, сондай-ақ екі бірлестіктің тарихтағы алғашқы бірлескен отырысында айтқан бастамаларында.

Жақында ҚР Президентінің Телерадиокешені дайындаған «Ауған шырмауы» деректі фильмін көріңіздер», - делінген Президенттің Телерадиокешені хабарламасында.


Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты.

Қазақстан Президентінің пікірінше, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалог құруға бастама жасағаны жөн.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев: «Ауғанстандағы кезекті жағдай көптеген елді, ең алдымен, көршілес мемлекеттерді жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет қалдырып, өңірдегі ахуалды бірден өзгертіп жіберді. Мұндай жағдайда біз жаһандық өзгерістерге жақсылап дайындалуымыз керек», – деп атап өтті.


Наверх