Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Сибирь» командасымен кездеседі

25 Сентября 2021 14:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 17:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 45 мәрте шеберлік байқасты. Оның 17-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

«Барыс» бұдан елордада Мәскеудің ЦСКА командасына овертаймда 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Ал «Сибирь» Новосібірде Магнитогорскінің «Металлург» командасына 1:3 есебімен жол берді.

Айта кетейік, «Барыс» биыл бұдан бұрынғы жеті кездесудің небәрі екеуінде жеңіске жетті. Турнир кестесінде 20-орында келеді. Ал «Сибирь» 8 ұпаймен 22-орында тұр.


Автор Әділжан Үмбет
Ключевые слова: Спорт,
Наверх