Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Қызыл» аймақтағы Өскемен мен Семейде сауда орындары қалай жұмыс істейді

22 Апреля 2021 18:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Бас мемлекеттік-санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда жазылғандай, бүгінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 7,8%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,243.

«Қызыл» аймаққа енген Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданындағы азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілерінің (дүкендер, шағын маркеттер, бутиктер) жұмысына бірқатар шектеу қойылған. Атап айтқанда, сауда залының ауданы 50 шаршы мерге жететін ғимараттарға бір уақытта 1 отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан артық кіруге болмайды. Ал ауданы 50-ден 100 шаршы метр аралығында болса, 8 адамға кіруге рұқсат етілген. Ал 100 шаршы метрден үлкен болса, онда жалпы толтырылуы 30% аспауы тиіс», - делінген құжатта.

Ал супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күні жұмыс істемейді. Жұмыс күндері толтырылуын 30% асырмай, сағат 21.00-ге дейін ашық болады.

Балалардың ойын-сауық алаңдарының, аттракциондардың жұмысына тыйым салынған. Ауданы 1000 шаршы метрден асатын сауда объектілерінде әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимнің сақталуын бақылау үшін санитарлық патрульдер құру ұсынылады.

Тұрақты облысішілік автобустардың толтырылуы отыратын орындар санынан 75% аспауы тиіс. Жүргізушілер, кондукторлар мен жолаушылар маскалық режимді қатаң сақтауы қажет.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылғандығын хабарлаған болатынбыз.


Наверх