Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысында елсіз далада қалып қойған 19 адам құтқарылды

23 Января 2022 03:09

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында түн ішінде көлікпен айдалада қалып қойған 19 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 22 қаңтарда түнгі сағат 4.00 шамасында болған.

Түркістан облысының Жетісай қаласынан Қызылорда облысының Қармақшы ауданына бет алған «Mercedes-Benz Sprinter» автокөлігі негізгі бағытынан адасып, ауа райының қолайсыздығынан басқа жолға түсіп кеткен.

«Автокөліктің аккумуляторы бұзылып, жолаушылар айдалада қалып қойған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар саласы және №14 өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер барды. Автокөлікті жөндеп, жолаушыларды негізгі жолға бағыттап жіберді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, Қызылорда облысындағы жол апаты 8 адамның өмірін қиып кетті.



Автор Әділжан Үмбет
Ключевые слова: Жол, Көлік, Ауа райы, Оқиға, Қызылорда облысы,
Наверх