Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада көпқабатты үй өртеніп, 14 адам эвакуацияланды

14 Мая 2021 15:13

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көп қабатты үйде болған өртте 13 адам қауіпсіз жерге шығарылып, өздігінен жүре алмайтын 1 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 14 мамырда сағат 10.58-де болды. Сол уақытта Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсті. Онда облыс орталығындағы Абай даңғылы бойындағы №48 үйдің бесінші қабатындағы екі пәтердің балконы жанып жатқаны жөнінде айтылған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жетті. Барлау жұмыстарынығ нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел және біріккен іс-қимылының нәтижесінде жоғарғы қабаттан барлығы 13 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың 2-і бала. Сондай-ақ, өрттен өздігінен жүре алмайтын бір азаматша құтқарылды. Өрт сағат 11.10-де оқшауланып, 11.18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.







Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қора өртеніп, 30 қозы жанып кетті.



Наверх