Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада Тұңғыш Президент күніне арналған республикалық конференция өткізілді

30 Ноября 2021 17:21

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан: өркендеудің 30 жылы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бақберген Досманбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, белгілі әнші-композитор Жеңіс Сейдуллаұлы, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, ауыр атлет Илья Ильин қатысты. Сондай-ақ, аталған жиынға зиялы қауым өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері, жоғары оқу орындарының басшылары мен ғалымдары, басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және онлайн байланыс арқылы аудан әкімдері мен зиялы қауым өкілдері келді.




Аймақ басшысы Сыр халқын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, Тәуелсіз Қазақстанның даму белесінде Елбасының рөлі мен жаңғыру кезеңіндегі Сыр елінің жетістігіне тоқталды.

«Баршаңызды Тәуелсіз еліміздің мәртебелі мерекесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!. Елбасы көшбасшылығының арқасында саяси жүйесі тұрақты, экономикалық әлеуеті мықты, ұлттық рухы берік, халықаралық беделі зор қуатты мемлекетті құрдық. Осы жасампаз істерді Елбасының серігі, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі түрде жүзеге асыруда. Еліміз тәуелсіздік жылдары қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған Сыр елі де өз үлесін қосуда. Елбасымыз «Сыр - Алаштың анасы» деп қазақ елінің алғашқы астанасы Қызылорда жайлы жылы лебізін білдірген еді. Екіншіден, Қызылорда облысы - Қазақстанда ғана емес әлемде ғарыштық кешен орналасқан стратегиялық маңызы бар өңір. Үшіншіден, Тұңғыш Президентіміздің дана саясатымен халықаралық сарапшылар тарапынан «Ғасыр жобасы» аталған Арал теңізін сақтап қалу идеясы арқылы экологиялық апат аймағы ретінде тарап кеткелі тұрған облысымыз өз орнын сақтап қалды. Төртіншіден, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолы арқылы ел мен елді, жер мен жерді жақындатты. Бұл - барлық ауданы теміржол мен автокөлік жолының бойында орналасқан Сыр өңірі үшін ең тиімді инфрақұрылымдық шешім», - деді Г. Әбдіқалықова.




Конференцияда Мұрат Бақтиярұлы, Наурызбай Байқадамов, Бақберген Досманбетов, Серік Дүйсенбаев Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ, конференция барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Ирина Шек баяндама жасады. Оған қоса Жеңіс Сейдоллаұлы, Мұхтар Ниязов, Илия Ильин мен Талғат Тілес Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолындағы азаматтардың үлесі туралы ой қозғады.





Автор Әділжан Үмбет
Ключевые слова: Қызылорда облысы, Тұңғыш Президент - Елбасы,
Наверх