Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада жалған вакцинация паспортын жасаған мейірбике ұсталды

29 Июля 2021 13:16

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер жалған вакцинация паспортын жасаған мейірбике ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы Полиция департаменті аталған бағытында жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді. Нәтижесінде емхананың бірінің медбикесінің Қызылорда қаласы тұрғынына коронавирусқа қарсы жалған вакцинация паспортын жасау дерегін анықтады.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Қазірге дейін облыста осындай жолмен ақпараттық жүйеге енгізгені үшін және жалған ПЦР-тест дайындау, өткізу, пайдалану бойынша 4 дерек тіркелген.

Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабымен төрт жылға дейінгі және 206-бабы бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, Қызылордада карантиндік шектеу шаралары күшейтілді.


Наверх