Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада жол апатынан зардап шеккен 6 адам ауруханаға жеткізілді

12 Июня 2021 02:24

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жол-көлік оқиғасынан кейін 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» тасжолының Шиелі ауданы аумағындағы бөлігінде белгісіз адамдар жолдың жүріс бөлігіндегі темір қоршауды өз бетінше ашып тастаған. Бұл жол-көлік оқиғасының болуына алып келді.

Оқиға 11 маусымда Шиелі ауданындағы R-10 каналы тұсында болған. Сол аумақта жеңіл және жүк көлігі соқтығысты.

Салдарынан жеңіл автокөлікте келе жатқан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ.

«Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес құжаттар жинақталуда. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр. Сондай-ақ, жолдың жүріс бөлігіндегі темір қоршауды өз бетінше ашу дерегі бойынша кінәлі адамдарды анықтау мақсатында жан-жақты тексеру жұмысы басталды. Жол апатына қатысты 2 автокөлік айып тұрағына жеткізілді» деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, жеңіл автокөліктің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 593-бабы 1-бөлігіне сәйкес құжат жиналып жатыр.

Онда жолаушы және жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау жағдайы көрсетілген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көшеде мылтық алып жүрген тұрғын қолға түсті.








Автор Әділжан Үмбет
Ключевые слова: Жол, Қызылорда облысы, Көлік, Оқиға,
Наверх