Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаудағы мейрамханада 300 адамға арнап той жасаған кәсіпкер жазаланды

1 Августа 2021 14:20

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданында орналасқан мейрамханада 300 адамға арналған той тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Той ұйымдастырушылары мониторинг тобының мүшелеріне «келісуді» ұсынған. Мұнайлы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, өңірдегі мейрамханалардың 85% осы ауданда орналасқан. Бүгінде салтанатты мерекелер өткізуге арналған 46 мейрамхана бар. Мәселен кеше мониторингтік топ мүшелері «Baiterek» мейрамханасында той тойлап жатқан қонақтарды үйлеріне қайтарды. 300 адамға арналған үйлену тойы екен.

«Мониторинг тобының жұмысы барысында өзін құзыретті органдардың қызметкері ретінде таныстырған белгілі бір азамат жағдайды шешіп, топ мүшелерімен «келіскісі» келді. Мұны істеу мүмкін болмады. Мейрамхана иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Материал Мұнайлы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жіберілді», - деді баспасөз қызметі.


Автор Қаракөз Марат
Ключевые слова: Коронавирус, Карантин, Маңғыстау облысы,
Наверх