Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаулық дәрігерлер бас миы ісінген сәбиді аман алып қалды

20 Сентября 2021 13:59

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық дәрігерлер бас миы ісінген сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 қыркүйек күні жүкті келіншекте Сovid-19 инфекциясының асқынуына байланысты кесарь тілігімен жедел ота жасалып сәби дүниеге келді. Екінші тәулікте аса ауыр жағдайдағы нәресте облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Нақты диагнозы ми қан айналымының бұзылуы, бас миының ісінуі, дислокациялық синдром, 2-3 дәрежелі кома делінген. Нәрестеге шұғыл түрде ота жасалып, ол сәтті өтті.

Қазіргі уақытта сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, тиісті емнен кейін жағдайы жақсарады және оның өміріне қауіп төнбейді. Дүниеге келген қыз баланың анасы ауыр жағдайда. COVID-19 індетінің асқынуына байланысты өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған.


Автор Қаракөз Марат
Ключевые слова: Маңғыстау облысы, Медицина, Коронавирус,
Наверх