Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Меморгандар барлық ақпаратты ашық бөлісіп отыр – Ерлан Қарин

19 Января 2022 12:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдар барлық ақпаратты ашық бөлісіп отыр. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Билік алғашқы күннен-ақ қарқынды, ашық ақпараттық саясат жүргізді. Өкінішке орай, ең алғашқы күндері ашық ақпараттық шабуылмен бетпе-бет келді. Теріс хабарлардың, жалған ақпараттардың үлкен легі жалғасып жатыр. Мемлекеттік органдарға, құқық қорғау органдарына ахуалды тұрақтандыру іс-шараларын қабылдаудан бөлек ақпараттық шабуылғада алаңдап, оларға тойтарыс беругетура келді. Өкінішке орай, олар ұйымдсқан түрде жан-жақтан жүзеге асырылып жатыр теріс ақпараттық шабуылдың ішкі де, сыртқы да көздері бар. Сондықтан алуан түрлі күш-жігерді қолдануға тура келді. Меніңше, біз ахуалды шын мәнінде жеңе алдық»», - деді Мемлекеттік хатшы «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік органдар бұқаралық ақпарат құралдарына тікелей шығу әдісіне көшіп, барлық ақпаратты ашық бөлісіп отыр.

«Мәселен, өткен аптада Бас прокуратура төтенше жағдай әрекет еткен уақытта және өзге де оқиғалар кезінде ұсталған адамдардың саны туралы ақпарат таратты. Бұл аталған мәселе төңірегіндегі ахуалды бірден ашып берді. Естеріңізде болса, тіпті америкалық жаңалық арналары, оның ішінде CNN Қазақстанда 10 мыңдай адамның ұсталғаны туралы хабар жариялады. Бірақ, Бас прокуратура барлық мән-жайды ұсынып, ақпарат таратты. Онда әкімшілік құқық бұзғаны үшін жалпы шамамен 2 мың адамның ұсталғаны көрсетілген. Осыдан кейін бірден Президенттің әрбір істің мән-жайын анықтап, ауырлататын сәттер болмаған жағдайда жазаны жеңілдету іс-шараларын қабылдау тапсырмасы шықты. Бүгінде Бас прокуратура 1 400 тұлғаға қатысты жазаны жеңілдету туралы өтініш беріп, қазірдің өзінде 400 адам босатылды», - деді Ерлан Қарин.

Сонымен қатар ол жоспарлы жұмыстың жүргізіліп жатқанын баса айтты.

«Естеріңізде болса, Бас прокуратураның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілімен бірге қаза тапқан азаматтардың санына қатысты бірлескен брифингі болды. Бұл да аталған тақырыптағы түрлі сауалдарды жойды. Ішкі істер министрлігі оқиғалардың жалпы тізбегін ұсынды. Бұл да азаматтарға сол күндердегі оқиғаларға қатысты жалпы мән-жайды ұғыну үшін мүмкіндік берді. Әрбір бағытта нәтижелер бар», - деді Ерлан Қарин.


Наверх