Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Мигрант» жедел алдын алу шарасы: 84 адам Қазақстан аумағынан шығарылды

17 Июня 2021 20:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 7-16 маусым аралығында елордада көші-қон процестерінің криминогендік жағдайға әсерін азайту мақсатында «Мигрант» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала аумағында полиция жасақтары күшейтілді, заңсыз мигранттар мен ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмеген тәртіп бұзушыларды анықтау мақсатында рейдтер саны артты.

Көші-қон қызметінің өткізген шарасының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 1700-ге жуық шетелдік жауапқа тартылды. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдайтын ҚР 336 азаматы елде болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 66 жұмыс берушіге айыппұл салынды. Заңнаманы бұзғаны үшін қабылдау орнына ТМД-ның 300-ден астам азаматы орналастырылды.

Сондай-ақ, қызметкерлер елден шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтайды және елден жібереді. Жедел алдын алу шарасы басталғалы бері шекаралас мемлекеттердің азаматтары болып табылатын 84 заңсыз мигрант елден мәжбүрлеп шығарылды.

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлесіп полиция қызметкерлері отанына 23 адамды қайтарды, оның 20-сы – Өзбекстан азаматы, 2-еуі – Әзербайжан Республикасының азаматы және бір – Ресей азаматы.

Сонымен қатар рейд барысында елден шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған 7 шетелдік ұсталды.

Полицейлер елден шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау қылмыстық жазаланатын әрекет екенін және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.


Ключевые слова: Заң, Нұр-Сұлтан,
Наверх