Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Министрлік 1-2 сынып оқушыларын дәстүрлі форматта оқытуға кеңес берді

17 Января 2022 14:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Білім және ғылым министрлігі жас ерекшеліктеріне байланысты 1-2 сынып оқушыларын дәстүрлі түрде, яғни мектепте оқытуды ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің бүкіл өңірінде 1-2 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқығаны жөн. Олардың жас ерекшелігіне байланысты осындай шешімге келіп отырмыз. Қашықтан оқу оларға қиынға соғады. Ал 3-5 сынып оқушылары кезекші топ жүйесімен оқиды. Қалған сыныптар онлайн, яғни қашықтан білім алады. Дегенмен оқу форматының әр өңірдегі эпиджағдай мен бас санитар дәрігердің шешіміне байланысты екенін ұмытпау керек. Біз мысалы, 1-2 сынып оқушыларының мектепке барып оқығанын қолдап отырмыз. Ал іс жүзінде қалай болатынын бас санитар дәрігердің шешімі көрсетеді», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министрлік өкілі 600 оқушыға жетпейтін мектеп оқушыларының дәстүрлі оқуына қатысты түсінік берді.

«Неге 600? Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы да қашықтан оқыдық. Сондықтан бізде тәжірибе бар. Яғни 300-500 оқушысы бар мектептің дәстүрлі форматта білім бергені тиімді екенін түсіндік. Бұл жерде мектептің көлемі, кабинет саны мен кеңдігі маңызды рөл атқарады», - дейді ол.

Наверх