Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мұхтар Әуезов атындағы театр әртістері ақмолалық көрермендермен кездесті

28 Сентября 2021 18:06

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театры ұжымының Ақмола облысында гастрольдік сапары мәресіне жетті. Осыған орай, аталмыш театр әртістері ақмолалық көрермендермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асанәлі Әшімов бастаған театр ұжымы қыркүйектің 23-28 аралығында ақмолалықтарға ең үздік спектакльдерін ұсынды.

Театр фестивалінің шымылдығы жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің «Жаужүрек» драмасымен ашылды. Картина белгілі әнші-композитор, сері, Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Келесі күндері жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясы, драматург Александр Володиннің «Қошқым келмейді» драмасы, ақын, драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклі, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» драмасы көрсетілді. Бүгін, соңғы күні Абайдың қара сөздері бойынша «Қара» драмасымен мәресіне жетеді.

Осыған орай, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында аталмыш театрдың танымал актерлері Бекжан Тұрыс пен Дулыға Ақмолда ақмолалық көрермендерімен кездесіп, Көкшетау қаласында өткен гастрольдік тур туралы өз әсерлерімен бөлісті, сахнада олармен болған қызықты оқиғаларды айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.




«Биыл театрымыздың гастрольдік туры еліміздің Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында Көкшетау қаласынан басталды. Өкінішке орай, бес күн зулап өтіп, өңірге гастролімізді бүгін аяқтаймыз. Біз облыс пен қала басшылығына жылы шыраймен қарсы алғаны және қонақжайлылығы үшін өте ризамыз. Студенттермен – болашақ актерлермен және режиссерлермен бүгінгі кездесу жоғары деңгейде өтті. Бүгін біз Қазақстанда танымал режиссер Жұлдызбек Жұмабайдың Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Қара» философиялық спектаклін қойып, ертең Петропавл қаласына аттанамыз», - деді бөлісті театр және кино актері Дулыға Ақмолда М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен кездесуде.

Сонымен бірге, кездесуде бүгінгі өмірді көрсететін қызықты әрі көркем мазмұндағы театр спектакльдерін тамашалаған көрермендер рухани байып, көптеген жағымды эмоцияларға ие болғаны айтылды.

Еске сала кетейік, 23-27 қыркүйек аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының актерлері «Көкшетау» мәдениет сарайының сахнасында ең табысты және көрермендер арасында сұранысқа ие қойылымдарды қойды.








Наверх