Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда қанша көппәтерлі тұрғын үй кешені МИБ-ке өтуге жатады

4 Декабря 2021 14:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 3097 көппәтерлі тұрғын үй кешені (КПТҮ) бар, оның ішінде 2 859 КПТҮ МИБ-ке көшуге жатады (238 КПТҮ-де МИБ-ке кіре алмайды, олар авариялық үйлерге жатады). Бұл туралы ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі таңда 1 657 КПТҮ (58%) басқарудың жаңа нысандарына көшті.

Әкімшілік және құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асыратын «МИБ орталығы» құрылды.

Орталық ай сайын 350-ге жуық меншік иесіне КПТҮ басқару мәселелері бойынша кеңес береді.

КПТҮ тұрғындарымен тұрақты түрде жиналыстар өткізіледі, үйлерді аралау жүзеге асырылады. Қабылданған шараларға қарамастан МИБ-тің құрылуына кедергі келтіретін бірқатар проблема бар.

Бірінші. 2-5 қабатты көпқабатты үйлердің МИБ-ке көшкенде жеке шот ашу барысында техникалық қызмет көрсетуде қаражаттың өсуіне әкеледі.

Айта кетейік, елордада 1 500 КПТҮ орналасқан (5 қабатты үй, пәтерлер саны 80-100), қызмет көрсету тарифі орта есеппен 35-45 тг құрайды.

Сонымен қатар, осы типтегі үйлерде инженерлік жүйелердің, шатырдың, қасбеттің тозатынын айтып өткен жөн. МИБ-тер жаңа заңды тұлғалар ретінде құрылады және күрделі жұмыс түрлеріне қаражат жинауға мүмкіндігі болмайды. Алғашқы күннен бастап үйді қалпына келтіру жұмыстарына кірісу қиындық тудырады.

Екінші. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда кондоминиум объектісін басқару нысандарының ЖШС, ПИК, ЖК, ҚБ, ТҚК және т.б. өкілдері өкілеттіктерін жаңадан құрылған МИБ-қа беруде жауапкершілік шарасы қарастырылмаған.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілмеген басқарудың бұрынғы нысандарының басшылары МИБ-тің қызметіне жасанды түрде кедергі келтіреді, бұл ұзақ сот процестеріне және қаржылық шығындарға әкеледі.


Наверх