Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда автокөлік қағып кеткен 5-сынып оқушысы көз жұмды

26 Октября 2021 14:21

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік қағып кеткен 10 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 26 қазан күні шамамен сағат 10.00-де Әбубәкір Кердері көшесі бойында болды.

«Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің жүргізушісі, 1974 жылғы әйел Ә.Кердері көшесі 136-үй тұсында белгіленбеген жерден жолдан жүгіріп өтпек болған 10 жасар қызды қағып кетті.

Түрлі жарақат алған қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, есін жия алмастан қайтыс болды.

Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген.

Анықталғанындай, қыз дүкеннен үйіне жалғыз қайтып келе жатқан. Ол екінші ауысымда 5-сыныпта оқып жүр екен.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайындалатын болады.

БҚО полиция департаменті қыздың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айта отырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін бұлжытпай сақтау керектігін еске салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан автокөлік ішінде екі адамның жанып кеткенін жазған болатынбыз.



Автор Елжан Ералы
Ключевые слова: Батыс Қазақстан облысы, Оқиға, Көлік,
Наверх