Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда екі автокөлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

10 Мая 2021 15:13

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі автокөлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін түнде Деркөл кентінде болды.

Сағат 00.40 шамасында белгісіз жүргізуші Белинский көшесі мен Окружное тас жолы қиылысында 1994 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-21154» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Содан кейін белгісіз жүргізуші оқиға орнынан бой тасалағанмен, сағат 01.10 шамасында аталған автокөлік А.Тайманов пен М.Мәметова көшелерінің қиылысында тоқтатылды.

Жол апаты салдарынан «ВАЗ-21154» автокөлігінде отырған төрт адам жарақат алды. Көлік иелеріне материалдық шығын да келтірілді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, «Үміт» шағынауданына қарай жолдағы көпір маңында болған жол апатынан кейін жедел жәрдем сағат 00.48-де шақырылды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам зардап шексе, біреуі – 2020 жылғы қыз бала. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қарағаннан кейін жұмсақ тіндерінің көгергені анықталып, амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Үш ересек адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 1974 жылғы әйелдің кеуде тұсы мен иығы көгерген. Онымен құрдас ер адамның самай тұсы көгерген. 1998 жылғы әйелдің маңдай тұсы ісіп кеткен. Оны дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаторлық ем алуға жіберді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жасөспірім қыздың бесінші қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.



Автор Елжан Ералы
Ключевые слова: Оқиға, Көлік, Батыс Қазақстан облысы,
Наверх