Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

29 Ноября 2021 12:04

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ирина Смит Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ирина Федоровна 1972 жылы 8 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Өскемен педагогикалық институтын бітірген.

1989-1990 жылдары Өскемен педагогикалық институтының лаборанты, педагогика кафедрасының аға препараторы болды. 1995-1998 жылдары қаладағы № 11 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.

1998-1999 жылдары Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 1999-2001 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары және реформаларды насихаттау бөлімінің жетекші маманы лауазымын атқарған.

2001-2005 жылдары ШҚО ішкі саясат департаменті қоғамдық-саяси жағдайды талдау бөлімінің басшысы. 2005-2011 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің басшысы.

2011-2018 жылдары ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті. 2018-2020 жылдары аталған басқарманың басшысы болды.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.



Наверх