Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде су қоймасында үш ер адам құтқарылды

7 Мая 2021 11:44

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемендегі су қоймасында 1986, 1989, 1990 жылдары туған үш ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 мамырда сағат 23:39-да ШҚО ТЖД-ға Аблакетка айлағы ауданына қайықпен кеткен үш ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы жеткен. Оқиға орнына барған құтқарушылар судың бетінен аударылған резеңке қайық пен 1986, 1989, 1990 жылдары туған үш зардап шеккен адамды тапты.

Сондай-ақ, ер адамдардың көмекке шақырған дауыстарын естіп, жақын жерде орналасқан «SUNRISE» резиденциясының қызметкері Эдуард Лискаускас катерімен келген, ол зардап шеккендерді «Жолбарыс-Күзет» күзет агенттігінің күзетшісі Талғат Дарубаевпен және құтқарушылармен бірлесіп жағаға шығарды. Осыдан кейін аударылған қайықты ШҚО ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағаға жеткізген.

Бұл жағдай қарапайым қауіпсіздік шараларының бұзылу салдарынан болған. 2 адамға арналған қайыққа шамадан тыс салмақ түсіп, соның салдарынан ол суға аударылған. Сондай-ақ ондағы үш адам құтқару күртешесін кимеген.

ШҚО ТЖД су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады.








Наверх