Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Отандастар» қоры Қамқоршылар кеңесінің жаңа құрамы таныстырылды

30 Ноября 2021 20:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңес отырысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д. Абаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е. Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және «Отандастар қоры» КеАҚ Қамқоршылар кеңесінің басқа да мүшелері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша ұйымның жұмысы туралы және алға қойылған міндеттері туралы мәселелер қаралды.

Кеңес отырысының қорытындысымен Мемлекеттік хатшы құзырлы мемлекеттік орган басшыларына қор жұмысын жандандыру бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Сонымен бірге, «Отандастар қоры» қоғамы Қамқоршылар кеңесінің жаңа құрамы таныстырылып, кеңестің төрағалығына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаев және орынбасарлығына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д. Абаев пен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е.Тоғжанов сайланды.











Наверх