Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өткен тәулікте елге келген 4710 ұшақ жолаушысының бәрінде ПТР анықтамасы болды

9 Мая 2021 11:10

НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 8 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Грузия, Беларусь, Украина, Түркия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Германия, Армения, Өзбекстан және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте 4 710 авиажолаушы келді. Оның ішінде:


Алматы қаласының әуежайына – 20 рейс, 2 955 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 982 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 490 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 50 жолаушы;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 233 жолаушы;
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
Ключевые слова: Қоғам, Көлік, Медицина, Коронавирус,
Наверх