Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстан іздеу салған азамат Павлодарда ұсталды

15 Сентября 2021 19:59

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер Өзбекстанның Ферғана облысында іздеу салынған азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке жасап.

- Павлодар қаласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы ұсталды. Полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасы ІІМ Ферғана облысы ІІБ әріптестеріне қашқынның қолға түскені жайлы хабарлады, - деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Өңірдің жедел қызметкерлері күнделікті тергеу органдарынан, соттан жасырынып жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған іс-шараларды жүргізеді.
- Ақсу қаласының полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде ағымдағы жылдың мамыр айынан бері пробациялық бақылаудан жасырынып жүрген 43 жастағы іздестіріліп жатқан қылмыскерді ұстады. Ер адам тас қалаушы болып жұмыс істеген. Тәртіп сақшылары заң бұзушыны ұстап, Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды, - деді Балғабай Қапаров.


Ключевые слова: Павлодар облысы, Қылмыспен күрес, Өзбекстан, ҚР ІІМ,
Наверх