Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында балық жаппай қырылып жатыр

6 Мая 2021 19:21

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Өңірлік экология департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп, су сынамасын алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған факті бойынша экология және балық инспекциясы департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барып, су сынамасын алып, тексеріп жатыр», – деді Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Исжанов.

Бұған дейін Pavlo.detka Instagram парақшасында Павлодар облысындағы көлде балықтың жаппай қырылғаны туралы материал жарияланған болатын.

Ақтоғай ауданындағы Шығанақ көлінің жағасында бейнеролик түсірген куәгердің айтуынша, жаз бойы балық шаруашылығы инспекциясы және учаскелік инспектор балық аулауға рұқсат бермеген.

Ал енді «20 жылдан бері ешкім балық ауламайды, балықшыларды қудалаудың да қажеті болмай қалды» дейді куәгер.

Хабарламада айтылғандай, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясымен, ветеринарлық қызметтермен және ғалымдармен бірге осы су қоймасына баруға уәде берді.


Ключевые слова: Балық шаруашылығы, Павлодар облысы, Оқиға, Экология,
Наверх