Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында вакциналау деңгейі қандай

22 Сентября 2021 18:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова өңірдегі коронавирус індетімен күрес жұмыстарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облысқа (1 ақпаннан бастап) бірінші компоненттің 362 789 дозасы және коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың екінші компонентінің 338 418 дозасы жеткізілді. Өңір тұрғындарына вакцинаның үш түрі қолжетімді», - деді А. Құрманова.

Оның айтуынша, қазіргі кезде вакцинаның бірінші компонентін облыста вакцинамен қамтылуы тиіс адамдардың 65 пайызы (293 830 адам) алды. Ал екінші компонентті 57,5 пайызы салдырды.

«Медицина мекемелерінде 153 егу пункті, олардан тыс жерде 14 пункт дайындалған. 67 көшпелі бригада, ауылдарда 5 жылжымалы медициналық кешен мен санитарлық автокөліктер жұмыс істейді», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Бұған дейін хабарланғандай, Айзада Құрманова өңірдегі коронавирус індетімен күрес жұмыстарын баяндады.


Наверх