Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда салынып жатқан ғимарат қирап, үйінді астында қалған 3 адам ауруханаға жеткізілді

17 Июня 2021 21:51

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда құрылыс жүріп жатқан үй құлап, салдарынан үш адам жарақат алды. Зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің Instagram парақшасындағы мәліметке сенсек, Павлодарда Торайғыров көшесі, 75/3 мекенжайында салынып жатқан үш қабатты үй жартылай құлаған.

Оқиға туралы хабарлама сағат 19:39-да келіп түскен.

Оқыс жайттың орын алуына едендердің бұзылуы себеп болған. Е кі қабаттағы құлаған аумақтың алаңы - 60 шаршы метр.

«Төтенше жағдай орнына Павлодар облысы ТЖ департаментінен 12 қызметкер мен 3 техника, апаттар медицинасы орталығынан 3 қызметкер және 1 техника жедел шықты. Құтқарушылар зардап шеккен үш ер адамды тапты. 1987 жылғы ер адам жабық бассүйек ми жарақаты, бас миының шайқалуы, санның жыртылуы, 1996 жылғы ер адам жабық бассүйек ми жарақаты, бас миының шайқалуы, оң қолының жыртылуымен жəне 1993 жылғы ер адам нақтыланбаған диагнозбен ауруханаға жеткізілді. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті» деп хабарлайды ТЖД.

Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы ҚК 277-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.








Автор Жанат Қапалбаева
Ключевые слова: Оқиға, Павлодар облысы, Күнтізбе, Тұрғын үй,
Наверх