Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семей тұрғыны 17 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген

16 Сентября 2021 23:08

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының тұрғыны 17 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында осы жылдың 9 айында қос азаматтығы бар 60-тан астам адам анықталды. Олардың көбісі ҚР азаматтығының құжатын тапсыру қажеттігін білмегендіктен қалдырғандарын айтқан. Алайда бұл заңсыз әрекетке қасақана барғандар да бар.

- Мысалы, тәртіп сақшылары 17 жыл бұрын Новосібір қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын алған Семей қаласының тұрғынын ұстады. Осы жылдар бойы ол екі елден де зейнетақы алып келіп, ҚР заңнамасын бұзған. Қазіргі уақытта ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігіне сәйкес 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құқық бұзушыдан ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды.


Наверх