Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 180-нен астам адам жауапқа тартылды

7 Мая 2021 13:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 180-нен астам азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, мереке күндері әдетте, өрт оқиғалары мен өрттердің туындау қаупі артады.

2021 жылғы 1-7 мамыр аралығында 131 рет шөп өртеніп, 449 ге алқап отқа оранған. Тек бір тәулік ішінде ғана Жарма ауданында 20 га, Глубокое ауданында Быструха ауылында 1,2 га, Көкпекті ауданында 20 га, Алтай ауданында 1 га, Каменный карьер ауданында 7 га аумақты жалмаған өрт сөндірілді.

Бородулиха ауданында Дмитриевка ауылында шөптің тұтануы нәтижесінде өрт шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкцияларына өршіп, өрт сөндірушілер 275 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндірді. Аягөз ауданында шөптің жануы салдарынан өрт 70 шаршы метр шаруашылық құрылыстары жанып, 2 тонна шөп бүлінген. Риддер қаласында өртенген шөп 10 және 5 метрлік қоршаудың ағаш конструкцияларын зақымдады.





ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін жауапкершілік ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 336-бабында белгіленгенін еске салады. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері жоғарыда аталған бапты бұзған 180-нен астам азамат әкімшілік жауапқа тартылған.

ШҚО ТЖД Халықты оттан және тез тұтанатын заттардан сақ болуға, мереке күндері қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.

«Өрт болған жағдайда бірден 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет»,-делінген хабарламада.





Наверх