Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша 26 мұрағат қоры зерттелуде

27 Июля 2021 17:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша 26 мұрағат қоры зерттеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнаулы Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Оның жүйелі жұмысын ұйымдастыру үшін еліміздің барлық аймақтарында өңірлік комиссиялар өз жұмысын бастаған еді. Шығыс Қазақстан облысында осы мақсатта қандай жұмыс атқарылып жатқандығын облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз брифинг барысында ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мухамедчинов айтып берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Комиссия мүшелері 10 бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Облыстың мемлекеттік мұрағатының және арнайы мұрағаттардың 26 қорына зерттеу жүргізілуде», - деді ол.

Саяси қуғын-сүргіннің ақталмаған құрбандарын іздеудің электронды базасы әзірленіп, толтырылуда. Бұл қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар туралы мәліметтерді бір арнаға жинауға мүмкіндік береді.

«Порталдың ішкі бөлігіне мыңнан астам адамға арналған сауалнамалар енгізілді. Сондай-ақ 33 қордағы жабық мәліметтер жарияланды. Қазіргі уақытта ғалымдар мен мұрағатшылар осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда», - деді Азамат Мухамедчинов.


Наверх