Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО құтқарушылары пәтерде қамалып қалған баланы құтқарды

23 Октября 2021 14:00

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – 22 қазан күні Семей қаласында Рысқұлов көшесінде үш бала пәтер ішінде қамалып қалған. Оларға жедел құтқарушылар келіп, арнайы құрал-саймандардың көмегімен есік құлпын бұзды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері осындай құтқару операцияларына жиі шығады. Күн сайын ШҚО ТЖД қызметкерлері құлыптанып қалған есікті ашуға шақырту алып отырады.

Оқиға орнына келген құтқарушылар есіктер мен құлыптарды бұзады. Олар мұны апаттық-құтқару құралдарының көмегімен жасайды. Көп жағдайда жабық есіктердің арғы жағында егде жастағы адамдар мен кішкентай балалар қалады.

Аталған жағдайлар тек қана кілтті ұмытқаннан емес, сонымен қатар есікті іштен шаппамен жабу салдарынан болады.

«Кішкентай балалар мен егде жастағы адамдар тұратын үйлердің есіктеріне шаппа орнатпаған жөн», - деп кеңес береді ШҚО ТЖД өкіліБолат Нұрдыбаев.

ШҚО ТЖД ата-аналарға балаларына қауіпсіздік шараларын түсіндіру және оларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласу керек.








Наверх