Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО тұрғындары 15 қарашаға дейін емханасын ауыстыра алады

17 Сентября 2021 23:22

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелеріне еркін тіркелу науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір тұрғындары 15 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 63 емхананың біреуіне тіркеле алады. Олардың 40-ы — мемлекеттік, 23-і — жекеменшік.

«Азаматтарға электронды үкімет порталы арқылы тіркелуге болады. Оның ішіндегі денсаулық сақтау бөлімінде тіркеу қызметін таңдау қажет. Өтініш берген соң, электронды цифрлық қолтаңба арқылы хабарлама аласыз. Екінші әдіс – емханаға тікелей жүгіну. Бұған тек зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, бала кезінен мүгедектердің қамқоршылары, колонияларда жазасын өтеушілер, патронаттық тәрбиешілер, студенттер және мерзімді әскери қызметшілер ғана құқылы», - деді Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры ШҚО филиалының директоры Ғалымжан Әбілов.

Науқан кезінде емханаға тіркелген тұрғындар медициналық көмекті тек 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап алады. Яғни, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтарға бұрын тіркелген мекемеде қызмет көрсетіледі.

Наверх