Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда 15 құтқарушы жер үйдегі өртті сөндірді

15 Мая 2021 14:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жер үйдегі өрт ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Опытное поле ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққан.

4 отбасына арналған үйде жиһаз бен еденді жалын шарпыды.

Өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетіп, 3 шаршы метрге жайылған тілсіз жауды ауыздықтап, оның көрші үйлерге таралуына жол бермеді.

«Құтқарушылар келгенге дейін 17 жастағы жігіт бірінші қабаттың терезесін сындырып, далаға шыққан. Сынған әйнектен жарақат алған оны жедел жәрдем дәрігерлері медициналық мекемеге жеткізді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 3 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр сымынан шыққан.





Наверх