Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкентте үстіне бетон плита құлаған жұмысшы көз жұмды

22 Января 2022 17:26

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бір адамды бетон плиталары басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 12:25 шамасында «112» құтқару қызметінің басқару пультіне хабарласқан тұрғын бұрынғы көкөніс базасының аумағында құрылыс жүріп жатқан ғимараттың төбесі құлағанын жеткізген.

Оқиға орнына құрамында 6 құтқарушы және Шымкент қаласы төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері бар жедел-құтқару бөлімшесі барды.

Құтқарушылар «Көкөніс базасының» аумағында орналасқан «Кулиев» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі сауда үйінің құрылысы кезінде 400 шаршы метр алаңда бетон плиталарынан құралған төбе жабыны құлағанын анықтады.




Оқиға орнында Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 1985 жылы туған азамат қайтыс болды.

Шымкент қаласы төтенше жағдай департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері марқұмның денесін алып бетон астынан шықты.

Оқиға орнында төтенше жағдай департаментінің екі қызметкері, жедел-құтқару жасағының 6 қызметкері 1 техникасы, 1 кинологиялық, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы жұмыс істеді.





Автор Қайрат Зайнишев
Ключевые слова: Құрылыс, Шымкент, Оқиға,
Наверх