Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да екі адамның ажалы төсекте темекі шегуден болды

28 Сентября 2021 22:17

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл өртте 39 адам қаза тапты, бұл өткен жылдан 11 %-ға артық, ал жарақаттанғандар саны үш есе артып, 35 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жыл басынан өңірде 528 өрт тіркелген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 %-ға артық. Келген шығын көлемі екі есе көбейіп, 210 млн теңгеге жеткен.

Тек өткен аптада облыста 10 өрт тіркелген. Салдарынан екі адам мерт болды. Екі жағдайда да ер адамдардың ажалы төсекте жатып темекі шегуден болды.

«Петропавлдағы Борки кентіндегі «Рябинка» саяжай серіктестігінде уақытша тұруға арналған аумағы 41 шаршы метрлік үй-жайда өрт шықты. Оқиға орнынан 1969 жылғы ер адамның денесі табылды. Өрт төсекте жатып шылым шегуден шыққан. Тағы бір өрт Ж.Жабаев көшесінде орналасқан «Радар» ЖШС бір қабатты күзетші үйінен шықты. Үй-жайда уақытша тұрып жатқан 1966 жылғы ер адам жанып кетті. Мұнда да отты абайсыз қолдану, яғни төсекте темекі шегу себеп болған», - дейді Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Владимир Хутинаев.


Наверх