Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да ірі кәсіпорындардың жартысын әйелдер басқарып отыр

18 Июля 2021 23:17

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанның статистика департаменті басшылық қызметтегі әйелдер үлесі туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.

Бүгінде облыста жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 27,1 пайызын және жеке кәсіпкерлердің 47,3 пайызын нәзік жандар басқарады.

Әйелдер іс жүзінде әрбір үшінші шағын кәсіпорынға, әрбір төртінші орта және әрбір екінші ірі кәсіпорынға басшылық етеді.

Әйел басқаратын негізгі экономикалық қызмет түрлері:

заңды тұлғалар арасында

· білім беру (62,8%);

· жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (45,7%);

· денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (43%);

· қаржы және сақтандыру қызметі (42,1%);

· өнер, ойын-сауық және демалыс (41%).

жеке кәсіпкерлер арасында

· білім беру (83,3%);

· денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (67,1%);

· жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (61,4%);

· көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (60,7%);

· тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету (59,6%);

· көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну (55,5%).


Наверх