Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да соңғы аптада коронавируспен ауырғандар саны екі есе өсті

23 Июля 2021 16:38

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырғандар саны екі есе өсті, тек өткен тәулікте өңірде жаңадан 110 жағдай тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, облыста коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Сырқаттанғандар саны өсіп келеді.

«Соңғы аптада КВИ жұқтыру 408-ден 684 жағдайға дейін 2 есе өсті және одан әрі артып келеді. Ең көп өсім Петропавлда - 105 жағдай тіркелген. Бұл - 1,5 есе көп. Тайынша ауданында 3 есе өсіп, 50 жағдай, Қызылжар ауданында 1,6 есе өсіп, 22 жағдай тіркелді. Сырқаттанғандардың 89 %-ы дәрігерге ауырып көрінген. Сондай-ақ ауырғандардың жасы өзгерді, қазіргі уақытта сырқаттанғандардың 57 %-ы – 40 жастан кіші, бұрын бұл көрсеткіш 40 %-дан аспайтын», - дейді Әсет Жұматаев.

Өткен тәулікте облыста коронавирусты жұқтырудың 110 жағдайы тіркелді. 102 адамда ауру белгілері болған. Ауырғандардың басым бөлігі – Петропавл тұрғындары – 46 адам. Екінші орында туристік аймақ – Айыртау ауданында 14 адам және Тайыншада 12 адам тіркелген.

Жалпы облыста осы уақытқа дейін КВИ жұқтырудың 16 613 жағдайы анықталды.


Автор Ақерке Дәуренбекқызы
Ключевые слова: Спорт, Солтүстік Қазақстан облысы,
Наверх