Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жеңіл көлік пен жылқы соқтығысып, екі адам зардап шекті

26 Ноября 2021 17:45

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік жолға шығып кеткен жылқылармен соқтығысып, екі адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қарашаға қараған түні сағат 00.30 шамасында Тайынша ауданының полиция бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы телефон хабарламасы түскен. Жолда келе жатқан «ВАЗ-2115» автокөлігінің алдынан кенеттен бірнеше жылқы атып шыққан. Құлынды бие қатты соққыдан сол жерде өлді.

Машинада жергілікті кәсіпорындарда жұмыс істейтін екі адам болған, олар үйлеріне қайтып бара жатыр екен. Жүргізуші де, оның жолаушысы да ауыр жарақат алды. Екеуі де аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды.

Полицейлердің айтуынша, жолға жақын маңда жылқылар бағылып жүрген. Бірнеше жылқы бөлініп, жолға шығып кеткен. Жылқышыға қатысты мал жаю және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.




«Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін полицейлер үнемі тиісті жұмыстарды жүргізеді. Сондай-ақ, жүргізушілерге де қыс мезгілінде көлікті басқарудың қиындайтынын естеріне саламыз. Сондықтан, әсіресе, түнде және елді мекендердің маңынан өткенде абай болып, жылдамдықты төмендету қажет», - дейді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Арғын Аманбаев.

Жыл басынан бері СҚО бойынша малды иесіз жіберуге қатысты 2,5 мыңнан астам факті тіркелді. Арнайы тұрақтарға 8,5 мыңға жуық қаңғырған мал иелері анықталғанға дейін орналастырылды.








Автор Ақерке Дәуренбекқызы
Ключевые слова: Солтүстік Қазақстан облысы, Оқиға,
Наверх