Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Талдықорғандық фельдшер бүлік кезінде өз өмірін қатерге тігіп, қызметін адал атқарды

22 Января 2022 14:48

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғандық фельдшер Кабир Рафиков жаппай бассыздық кезінде қалай жұмыс істегенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кабир Рафиков - Алматы облысы №18 жедел жәрдем бригадасының фельдшері.

Ол 5 қаңтар күні қалада жаппай тәртіпсіздік басталғанда жұмыста болып, адам өмірін арашалаған.

«Мен үшін ең ауыры - 18 жасар әскеридің қазасы. Оны жедел жәрдемге жеткізгенде тынысы болды, мен оған 45 рет қолдан реанимация жасадым. Өкінішке қарай, бұл әрекетімнен түк шықпады. Сарбаздың жүрегі тоқтап қалды, жанға ауыр тиді. Жарақат алушыны жеткізген қызметкерлердің көзінен ауыр мұң көрдім», - дейді ол.

Сондай-ақ, бұзақылар жедел жәрдем маманынан полиция мен әскерді қоя тұрып, басқаларды емдеуін талап еткен.

Дәрігер өз кезегінде сырқатты таңдамай, кім алғаш келді, соған көмек көрсететінін айтқан.

Кабир Рафиков жедел жәрдем қызметінде 2 жылдан бері еңбек етіп келеді.



Автор Әли Ибраев
Ключевые слова: Әскер, Алматы облысы, Медицина, Оқиға,
Наверх