Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тамыздың бірінші күнінде Қазақстанда 110 адам коронавирустан көз жұмған

3 Августа 2021 09:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 1 тамыз күні Қазақстан аумағында 110 адам - коронавирустан, тағы 16 адам - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркеліп отыр - 17 науқастан.

Қарағанды облысында - 15, Ақмола облысында - 12, Алматы қаласында - 11, Батыс Қазақстан облысында - 7, Павлодар облысында - 6, Маңғыстау, Атырау және Алматы облыстарында - 4, Қызылорда, Қостанай және Ақтөбе обылстарында - 3 адамнан қайтыс болған.

Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан ешкім көз жұмған жоқ.






Ключевые слова: Статистика, Медицина, Коронавирус, Оқиға,
Наверх